• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЮНИСЕФ өкілі статистикалық мәліметтер арасындағы айырмашылықтардың себептерін түсіндірді 01.10.2014

Оның айтуынша, мұның басты себебі нәресте және бала өлімінің статистикалық мәліметтерінің ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Дүниежүзілік банк пен БҰҰ Халық санағы департаменті және Гарвард университеті техникалық сарапшылар тобынан тұратын БҰҰ ведомствоаралық арнайы сарапшылар тобы тарапынан дайындалатынына және бұл сарапшылар тобының бала өлімі көрсеткіштерін әрбір мемлекет үшін жыл сайын есептеуіне байланысты.

Ол үшін ұлттық мәліметтерді жинаудың стандартты үдерісі бар: статистика, барлық санақтардың нәтижелері, Денсаулық сақтау министрліктерінің мәліметтері. Олар өлім-жітімді есептеу моделін құру үшін пайдаланылып, аталмыш мәліметтер кейіннен ел үкіметімен бірлесе қаралады. Нәтижесінде, мәліметтер арасындағы қайшылықтар ұлттық статистиканың сапасына байланысты және ұлттық статистика халықаралық ұйымдар мәліметтерімен сәйкес келе бермейді.

«Егер аталмыш айырмашылық шамамен 5 бірліктен аз болатын болса, онда оған сенуге болады және бұл мәлімет барынша сапалы болып есептеледі. Қазақстанда аталмыш айырмашылық шамамен осы деңгейде», - дейді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігінің басшысы Джун Кукита.


Back to the list