29.09.2014
Хабарламада айтылғандай, туризмді алға сүйреп тұрған түрлерінің бірі іскерлік туризм болып отыр. Астанаға келген қонақтардың 77,9%-дан астамы түрлі көрмелерге, конференцияларға, семинарларға, яғни іскерлік мақсатпен келген көрінеді. Туризмнің алға өрлеуіне тағы бір себеп жергілікті атқарушы органдар мен туризм саласында жұмыс істейтін ұйымдардың туризм саласында қолға алған шаралары болып отыр. Қазіргі таңда қалада 232 туристік фирма жұмыс істейді. Соның ішінде 7-еуі ішкі туризммен айналысады. Онда 761 адам қызмет етеді.
Туризм саласының алға қарай жылжып келе жатқанының бір дәлелі қонақ үйлердің тұрақты түрде босамауы. Қазіргі таңда Астанада 163 қонақ үй жұмыс істейді. Олардағы бөлмелер саны 6 659 болса, орындар саны 9 013. Қызмет көрсету саласында 3 654 адам жұмыс істейді. Солардың 35 пайызы әйелдер болса, 65 пайызы еркектер», - делінген хабарламада.