26.09.2014
«Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда әлеуметтік салада жұмыссыздар санының 4516 адамға дейін азайғаны байқалады. Ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны 10,4%-ға азайып, 27,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздың деңгейі биылғы жылдың 2 маусымында 4,8% болды»,- деді әкім.
Айта кету керек, ШҚО бірнеше жылдан бері инновациялық даму саласында республикадағы көшбасшы өңірлердің біріне айналып, инновациялық өнім бойынша елімізде Астанадан кейінгі екінші орында тұр. 2013 жылғы көрсеткіш бойынша ол 109,4 млрд теңгені құраған. Инновациялық өнімдердің бестен бірі Шығыс Қазақстан облысында өндіріледі.
Индира Қауметова