22.09.2014
«Съезде бейбітшілік пен келісім қағидаларын сақтау идеялары, сондай-ақ барлық әлемдік қауымдастықтың үйлесімді дамуы қаралады.Бұл – әлемде теңдесі жоқ форум. Тек қана біздің елімізде өтетін бұл съезге келген діни бірлестіктердің көшбасшылары мен жетекшілері бас қосады», - деп түйіндеді өз ойын ол.
Алда болатын V Съезд ағымдағы әлемдік жағдайларды есепке ала отырып, діни және саяси көшбасшылардың ынтымақтастығын күшейтуге, халықаралық деңгейдегі дағдарыс жағдайларын талқылау мен еңсеруге бағытталады.
Естеріңізге сала кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезі 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде өткен болатын. Оның жұмысына 13 елден келген 17 делегация қатысқан. Ал ІV съезде әлемнің 40 елінен келген 85 өкіл бас қосты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі 2015 жылдың 10-11 маусымында Астана қаласында өтпек.