• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2015 жылдың маусым айында Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бесінші съезі өтеді 22.09.2014

«Ислам, христиан, индуизм, буддизм секілді барлық дәстүрлі және әлемдік діндердің конфессия өкілдерімен жан-жақты талқылау барысында 2015 жылдың маусым айында Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бесінші съезі өту туралы шешім қабылданды», - дейді вице-министр.

Сонымен қатар,  М.Әзілхановтың айтуынша, съезде келесі съездің тақырыбы қарастырылды. Шараның тақырыбы барынша өзекті болуы және бүгінгі таңда әлемдегі жағдайлармен үндесуі қажет.  

«Съезде келесі съездің тақырыбы қарастырылды. Шараның тақырыбы барынша өзекті болуы және бүгінгі таңда әлемдегі жағдайлармен үндесуі қажет. Сол себепті съезге қатысушылармен бірге тақырыпты жан-жақты зерттеп, ұзақ таңдадық. Нәтижесінде хатшылық «Бейбітшілік пен даму жолындағы діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің диалогы» тақырыбына тоқталды», - дейді ол.  

Сонымен қатар, оның айтуынша, Хатшылық съездің барлық секциясының да тақырыбын бекітіп, соған сай келесі хатшылықты өткізу уақытын анықтады.  

«Хатшылықтың 14-інші отырысы 2015 жылы  9 маусым қарсаңында өткізіледі. Жалпы дайындық жұмыстары басталып кетті, енді жұмыс тобы іске кіріседі. Сөйтіп шілде айында форум ұйымдастырылады», - дейді вице-министр.

Индира Қауметова


Back to the list