• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана халқының саны 1 тамызда 838394 адамды құрады 22.09.2014

Астана қаласының департаменті хабарлағандай, 2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны  23959 адамға, оның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 8218 адамға, «Есіл» ауданы бойынша  -  7439 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша - 8302 адамға көбейді.

2014 жылғы қаңтар-шілдеде халықтың табиғи өсімі - 11743 адамды, көші-қон өсімі - 12216 адамды құрады.

2014 жылғы қаңтар-шілдеде жалпы Астана қаласы бойынша 13823 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4%-ға артық. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 10,5%-ға көтерілді және 11743 адамды құрады.

Осы аралықта қалада 2080 адам қайтыс болды, бұл 2013 жылғы қаңтар-шілдедегі көрсеткіштен 3,5%-ға артық.

2014 жылғы қаңтар-шілдеде 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің 97 жағдайы тіркелді, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 9 жағдайға аз. Сәбилер өлім-жітімінің коэффициенті 7,02 (2013 жылғы қаңтар-шілдеде - 8,39) құрады.

Халық өлімінің негізгі себептер топтарының арасында ең үлкен үлес салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары - 34,7%, өскіндер - 21,3%, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану - 12,5% алады.

2014 жылғы қаңтар-шілдедегі АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,0%-ға, ажырасулар саны 9,3%-ға өсті.

 


Back to the list