21.09.2014
Ақкөл ауданының әкімдігі ұйымдастырған салтанатты кездесуге қоғамдық пікір көшбасшылары, партия өкілдері, аудан тұрғындары қатысты.
«Мен бұл байқауға қатысқаным үшін өте қуаныштымын, бақыттымын. Ел Президенті өзі бұл байқауды бақылады. Меніңше, мұндай шаралар жыл сайын өтіп тұру қажет. Себебі, барлығы отбасынан басталады. Біздің Президент барлық отбасыларға үлкен қамқорлық көрсетеді», - деді Қайныш Мұқашева.
Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан еңбек әулетінің отағасы – Мұқашев Ешмұхан Мұқашұлы, оның есімі ауылдастарының жадында мәңгіге сақталған. Ол 1912 жылы дүниеге келген, ұстаздық жолын 18 жасында туған ауылы Өрнек қаласының орта мектебінен бастаған.Ақсақалдың өмір жолын үлгі тұтқан оның бес баласы ұстаздық жолды таңдады. Ал тағы үш немересі ғылыми жұмыстарға өз өмірлерін арнаған. Сонымен қатар, туған ағасы Кенжебек Мұқашевтың 4 баласы да мұғалімдік қызметті өз өмірлерінің мәні деп білген.