18.09.2014
Патрульдік полициялары Жол қозғалысының жастар инспекциясымен бірлесіп көшелердің апаттық қауіпті жерлері мен мектеп маңайларында жол қозғалысы ережелерін бұзған балалар мен ата-аналарына әкімшілік жаза қолданды.
«Айыппұл салудың орнына жол қозғалысының жастар инспекциясы ересектерге ескерту жасады. Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың қажеттілігін айтып, пайдалы ақпаратқа толы буклеттер тапсырды. Сонымен қатар, ереже бұзушыларға тәртіп сақшылары апат орындарынан жазылып алынған бейнелерді көрсетіп, жолаушылар тарапынан жол ережесінің бұзылуынан туындаған оқиғаларды көрсетті», - дейді Астана қалалық ІІД ӘПБ айрықша тапсырмалар бойынша аға инспекторы Лариса Красникова.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, трагедиялық бейнероликтер көрсетілімі мен жол қозғалысының жастар инспекциясының белсенді қатысуы әкімшілік айыппұлға қарағанда ересектердің жол ережесін сақтауына барынша әсерлі болмақ.
«Мұны елордадағы №2 мектеп-лицейінің жанында полиция қызметкерлері тарапынан ұсталған бірнеше ата-ана растап, өздерінің ереже бұзу себептерінің асығыстығымен және жаяу жүргінші өткелінің мектептен алыс жерге салынғанын алға тартып ақталды. Алайда патрульді көліктегі бейнероликтерді көргеннен кейін асығыстықтың жол ережесін бұзуға ешқандай да себеп болмайтындығын түсініп тарқасты», - дейді Л.Красникова.
Естеріңізге сала кетейік, жаяу жүргінші қауіпсіздігі ережесін бұзу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінеің 473-інші бабына сай 5 АЕК көлеміндегі әкімшілік айыппұлға тартылуы мүмкін. Ал жүйелі түрде бұзған жағдайда бұл айыппұл көлемі 15 АЕК-ке дейін өседі немесе үш тәуліктік әкімшілік қамауға алынады.