17.09.2014
«Дауыс беру 19 қыркүйек күні таңертең аяқталып, жеңімпаз отбасына гала концертте сый-сыяпат көрсетіледі», - дейді ол.
Сонымен қатар, М.Бекбосынованың пікірінше, байқауға қатысқан отбасылардың ішінде әр сала мен ұлт өкілдері бар.
«Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан қоғамымыздағы үздік деп танылған қазақ, орыс, украин, ингуш, корей отбасылар мен аралас отбасылары қатысты», - дейді.
Естеріңізге сала кетейік, республикалық байқауға Қазақстанның әр өңірінен 16 отбасы қатысты. Дауыс беру елдегі сайттардың бірінде онлайн түрде өткізілді. Сонымен қатар, қоңырау шалу мен смс хабарлама жіберу әдістері де қолданылды. «Мерейлі отбасы» байқауы отбасы құндылықтарын неке институтын насихаттап, қоғамдағы үлгілі отбасы образын қалыптастыруға бағытталған алғашқы ұлттық байқау болып табылады. Байқауға спорт, шығармашылық, зияткерлік және өзге де еңбек салаларында жетістікке жетіп, елдің алды болған отбасылар қатысты.
Индира Қауметова