17.09.2014
«Мерейлі отбасы» облыстық байқауы үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Басты мақсат – отбасыларды белсенді қоғамдық және мәдени өмірге араластыру, отбасы дәстүрлері мен құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеу.
Өткен жылы байқауға облыс аудандары мен қалаларынан 5 отбасы қатысқан болатын.
«Аталмыш байқауға өзіндік тәрбиесі және адамгершіліктерімен көпшіліктің көзіне түсіп, елдің мақтауына ие болған отбасылар қатыса алады», - деп мәлімдейді Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени орталық жетекшісі Ақмарал Зейілова.
Облыстық байқау қорытындысы бойынша, 1-інші орынға тағайындалған 400 мың теңге мен дипломды Жаңаөзен қаласыың Нәдірбаевтар отбасы ұтып алды. Екінші орын (350 мың теңге) Жетжановтарға бұйырса, үшінші орын Таубаевтарға бұйырды. Сыйлық құны 300 мың теңге.