17.09.2014
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, өңірде арнайы әлеуметтік көмек 11 интернатта 1662 кембағал адамға көрсетіледі, 2 оңалту орталығында жыл сайын 1,5 мың мүгедек емделеді. Әлеуметтік бейімделудің 2 орталығы мен түнгі жатын орнының 3 бөлімінде 900 адамға қызмет көрсетіледі.
«Сондай-ақ, үйге шығып әлеуметтік көмек көрсететін 26 бөлім 2 084 адамға қызмет көрсетеді, 9 бөлім шалғай аудандардағы 194 адамды қамтиды», - делінген хабарламада.
«2014 жылы уақытша орналастыру бөлімдеріне әлеуметтік көмек көрсету үшін 180,8 млн теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 64,4 млн теңге қарастырылған. Аталмыш жобаның аясында Рудный, Қостанай, Арқалық қалаларында 55 орындық уақытша әлеуметтік көмек көрсету орталығы жұмыс істейді», - деп хабарлады әкімдікте.