16.09.2014
Балаш ағаның балалық шағы тұрмыс тауқыметіне толы болды. Әкесі 1943 жылы от ортасынан оралмаған. 1963 жылы Б.Түсіпқалиев Алматы медицина университетінің педиатрия факультетіне оқуға түсті.
ЖОО тәмамдағаннан кейін өзінің туған өлкесінде облыстық аурухананың балалар бөліміне жұмысқа орналасты.
Осы жерден Балаш Түсіпқалиевтің өнегеге толы дәрігерлік өмірі басталады. Ұлдары Асылбек пен Ақылбек те әке жолын қуды. Әке-шеше тәрбиесіне қанып өскен балалары өздерінің жүрек қалауларымен медицина мамандығын таңдады.
Отағасы Жамал да медицина қызметкері. Ол балабақшада бірнеше жыл медбике қызметін атқарған. Үлкен ұлы Асылбек те әкесі секілді балалар дәрігері. Бүгінде ғылым кандидаты атанып, балалар хирургиясы кафедрасы доценті. Мұнымен қоса, Ақтөбе медицина университетінің тәрбие жұмысы проректоры қызметін қатар атқаруда.
Кіші ұлдары Ақылбек ем факультетін тәмамдады. Акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі. Ал әйелі Сәуле дәрігер, жасөспірімдердің гигиенасы және тамақтану гигиенасы кафедрасының меңгерушісі.
Индира Қауметова