16.09.2014
«Орталық №71 мектеп-гимназиясының ғимаратында орналасқан. Астана қаласының әкімшілігі 450 шаршы метрлік аумақты бөліп, орталықта жұмыс істейтін мамандардың айлық жалақысын төлеуді міндетіне алды. «Дара» қоры өз кезегінде бөлмелерге жөндеу жүргізіп, арнайы қондырғылар, оқу құралдарымен жабдықтады. Орталықта емдеу-дене шынықтыру залы, Монтессори кабинеті, әдістемелік кітапхана бар», - деп хабарлады «Дара» қайырымдылық қоры.
Түзету орталығы ай сайын 50-ге тарта мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетеді. Бірінші кезекте – зағип балалар қамтылады. Оларға тифлопедагог, логопед, дефектолог, психолог, хореограф, шынықтыру мамандары мемлекеттік квота арқылы тегін қызмет көрсетеді.
Мамандар балалардың тұрмыстық –әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға көмектесіп қана қоймай, оларды балабақша, мектепке даярлайды.
Орталықтың педагогтары «Дара» қоры «Самұрық» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен ұйымдастырған тренингтерге қатысып, біліктілігін арттырды.