16.09.2014
2014 жылғы қаңтар-шілдеде жалпы елімізде халық саны 147,9 мың адамға немесе 0,9% өсті, 2013 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 255,2 мың адамға немесе 1,5% өсті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2014ж. қаңтар-шілдеде туылғандар саны 231,4 (227,0) мың адамды құрап, 2013 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 4,4 мың адамға немесе 1,9% артты. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,04 (22,94) туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 78,6 (82,6) мың адамды құрап, 2013ж. қаңтар-шілдеге қарағанда 4,0 мың адамға немесе 4,8% азайды. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,83 (8,35) қайтыс болғандарды құрады.
2014ж. қаңтар-шілдеде республика халқының табиғи өсімі 2013ж. қаңтар-шілдемен салыстырғанда 8,4 мың адамға немесе 5,8% артып, 152,8 (144,4) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 15,21 (14,59) адамды құрады.