15.09.2014
«Өрт-құтқару спорты бойынша ҚР Ұлттық құрамасының аға бапкері М.Е.Есполов аталмыш сайыста бас төреші болды. Барлығы 10 сайыс болып, оның қорытындылары бойынша жеңімпаздар анықталды», - деп хабарлады Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
М.Е.Есполов іс-шараға қатысқан барлық отбасыларға алғыс білдіріп, бірінші орынға ұмтылған қатысушылар арасында нағыз бәсекелестік білінгенін де атап өтті.
Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі күні атап өтілетін мереке.
Ол 2013 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді. Бұл мереке қоғамда отбасының өнегелік, рухани құндылықтарын нығайтуға бағытталған.