• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысында бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі  мәселесі талқыланды 15.09.2014

Шараға облыс әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Нұр Отан» партиясы мен облыстың этно-мәдени бірлестік өкілдері және Ақмола облыстық ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрағасы қатысты.

Айта кету керек, Ақмола облысында 8 106 көпбалалы ана өмір сүреді. Соның ішінде 2 91 ана «Алтын алқа», 3 944-і «Күміс алқа» иегері.

«Мемлекет жағдайының болуы әр отбасы мен әрбір шаңырақтың жағдайына байланысты. Сол себепті отбасы мен неке институтын нығайту мемлекеттік ішкі саясаттың басым бағыттарының бірі. Біздің облысымыз тек табиғат сұлулығымен мақтанып қана қоймай, сонымен қатар өңір өзінің дархан халқымен, еңбекқор да дарынды аналарымен мақтана алады. Әйелдер әлемдегі бейбітшілік пен келісімнің кепілі. Осы орайда олар елдің гүлденуіне де үлестерін қосады», - дейді облыстық ішкі саясат басқармасы жетекшісі Г.Шүкеева.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар бала тұлғасының қалыптасуы ата-ана тәрбиесіне тікелей байланысты деген пікірге тоқтады.

 


Back to the list