15.09.2014
«2014 жылғы шілдеде Астана қаласындағы халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 122286 теңгені құрады,бұл 2013 жылғы шілдеге қарағанда 17,4%-ға жоғары, аталған кезеңде нақты ақшалай табыс 8,9%-ға көтерілді», - делінген хабарламада.
Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша Қазақстан Республикасындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі 2014 жылдың 2 тоқсанында 2,9% (497,7 мың адам) құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 0,3 пайыздық тармаққа төмен.
Табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен ауылдық жердегі халықтың үлесі күнкөрістің қалалық жердегі халықтың үлесінен 4 есеге артып, 4,9% (384,1 мың адам) құрады.
2014 жылдың 2 тоқсанында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың басым үлесі Оңтүстік Қазақстан (5,5%), Жамбыл (3,6%) облыстарына келеді, ең аз үлесі Астана (0,3%) және Алматы (0,7%) қалаларында байқалады.