• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Атырау облысында  Бешімовтер отбасы 1 млн теңге мен шипажайға екі жолдама ұтып алды 12.09.2014

Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында байқаудың қорытындысы жарияланды. Шараны ашқан облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның айтуынша, 2013 жылдан бері Мемлекет басшысының Қаулысына сай елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні ретінде аталып өтеді.

Бас жүлде Жылыой ауданынан Бешімовтер отбасына бұйырды.

Үшінші ұрпағы мұнайшылар болып табылатын бұл отбасы Құлсары қаласында тұрады. Әулеттің отағасы Наурызғали Ердәулетұлы жиырмасыншы ғасырдың басында, 1926 жылы Жылыой ауданындағы Төлес пен Қосшағыл кен орындарын алғаш ашқан болатын. Бұл туралы ол «Доссор» мұнай кәсіпкерлігі жанындағы экспедицияда мәлімдеді. 1931 жылы Қызылбасов Бешім кен орнын  тапқаны үшін марапатталды.

Наурызғали Ердаулетұлы мұнай саласында 47 жыл еңбек еткен. Қазіргі таңда еңбек демалысында. Мұнай саласына қосқан елеулі еңбегі үшін бірқатар медаль  мен сияпатқа ие болды. Бүгінде ақсақал бәйбішесімен бірге екі ұл екі қыз өсіріп, олардан он немере сүйіп отыр.

Индира Қауметова


Back to the list