12.09.2014
«Біз бірқатар ірі шараны осы жылға жоспарладық, 17 қазан күні 12 мемлекеттің қатысуымен Рухани келісім күні аталып өтіледі. Бұл бүгінде өз қатысушылығын мақұлдаған елдер. Атап айтсақ, дүниежүзілік халықаралық форум өз жұмысын рухани келісім күні өткізеді. Аталмыш форум бізде Төлеген Мұхамеджановтың қатысуымен 1992 жылдан бастап өткізіліп келеді», - деді Е. Тоғжанов.
Айта кетейік, келер жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Бұл шешім Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша бекітілді. Мереке күні елде бірқатар мәдени және мерекелік шаралар өтеді.
Индира Кауметова