12.09.2014
Астана қаласының әкімдігі хабарлағандай, кәсіподақтар үйінің алдында ұйымдастырылған форумның салтанатты ашылуында отбасылық еңбек әулеттері, жұмысшылар, соның ішінде Орталық Азиядағы ең биік ғимарат Абу-Даби Плазаның құрылысшысы Асылбек Сидалиев, № 62 мектеп-лицей директорының орынбасары Ирина Рыбалко, қалалық телекоммуникациялар орталығының электромонтері Андрей Сухоручкин, трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының лобаранты Валентина Митягина, Мемлекеттік филармонияның солисі Данияр Мұқан, «Қала маңындағы тасымал» АҚ Астана стансасының учаске басшысы Дулат Сәрсекеев, Тілеубаевтардың отбасылық еңбек әулетіне және т.б. ерекше құрмет көрсетілді.
Бұл азаматтардың барлығы өз кәсіптерінің тісқаққан мамандары, ал олардың жұмыс берушілері Елорда тұрғындары мен қонақтарына мінсіз қызмет етіп келе жатқан өз салаларының көшбасшылары.
Сондай-ақ, форум аясында концерттік бағдарлама қойылып, спорттық жарыстар өткізілді, мерекелік сауда-саттық ұйымдастырылды.