12.09.2014
«Қабылдауда Социалистік Еңбек ері Жолсейіт Молдасанов, жас отбасылар атынан суретші-дизайнер Ертай Өміртаев сөйледі», - делінген хабарламада.
Өз баяндамаларында олар лайықты азамат өсірудегі отбасының рөлі туралы әңгімеледі.
Кездесуде мемлекеттік саясаттың басым бағытттары болып саналатын отбасы институтын нығайту, отбасы құндылықтары, жұбайлық жауапкершілік, адамгершілік қасиеттер туралы мәселелер талқыланды.
Облыс әкімі Амандық Баталов кездесу соңында шақырылған қонақтарды келе жатқан отбасы күні мерекесімен құттықтап, естелік сыйлықтар тапсырды.