• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда жұмысқа қабылдау кезінде гендерлік теңсіздік байқалуда – Р.Сарсембаева 10.09.2014

«Шын мәнінде гендерлік теңсіздіктің болатыны жасырын емес. Атап айтар бослақ, олар әсіресе аяғы ауыр аналарды жұмыстан шығару, еңбек өтілі жоқ жастарды жұмысқа қабылдамау, 40 жастан асқан әйелдердің жұмысқа орналасу қиындығын көруі ретінде көрініс табады. Сонымен қатар, зейнет алдындағы әйелдердің де жұмыс табуы оңай емес. Жалақы төлеуде де гендерлік теңсіздік бар», - дейді А.Сарсембаева.

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сарсембаеваның айтуынша, еңбекақы төлеуде де гендердік теңсіздіктер бар, алайда еркектермен баламалы жұмыс салаларында  теңсіздік кездеспейді.

«Барлық сала бойынша әйелдерге еңбекақы төлеудің жалпы бейнесін салыстыратын болсақ, еркектердің жалақылары 25-30 пайызға артық. Мұны еркектердің  басышылық қызметтерге орналасуымен түсіндіруге болады», - дейді Р.Сарсембаева.

Индира Қауметова

Суретті түсірген Азамат Әлиев 


Back to the list