• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Мерейлі отбасы»: Мұнайшы Бешімовтер отбасының  жалпы еңбек өтілі 777 жылды құрайды 10.09.2014

35 адамнан тұратын Бешімовтердің мұнай саласындағы жалпы еңбек жолы 777 жылды құрайды.

«Менің әкем бүгінгі таңда өзінің құрметті еңбек демалысында. Қазір  оның жасы 80-де. Оның өмірін бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады. Оның жастық шағы ерік пен жігерге толы, елдің қызметіне арналды. Сонымен қатар, менің атам Батыс Қазақстан өңіріндегі алғашқы мұнай кен орнын ашушы ретінде де тарихта қалған. Бұл біздің ата-бабамыздың ұрпаққа мұра етіп қалдырған кәсібі. Мен қазіргі таңда осы кәсіптің қанға сіңгенін сенімді түрде айта аламын», - дейді Наурызғали Бешімовтың ұлы Асылбек Бешімов.

Айта кету керек, Наурызғали Бешімов мұнай саласында 47 жыл еңбек етті. Қазіргі таңда зейнетте. Мұнай саласының дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше рет марапатталды. Бүгінде 2 ұл мен 2 қыз өсіріп отырған ақсақалдың қазірде 10 немересі де бар. Енді оның жолын балалары мен ер жеткен немерелері жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» байқауының республикалық кезеңінің интерактивті дауыс беруі аяқталды, енді алдағы уақытта жеңімпаздар белгілі болмақ. Байқауға Қазақстанның әр өңірінен 16 отбасы қатысуда. Дауыс беру ғаламтор, смс хабарлама  жөнелту және қоңырау шалу арқылы жүзеге асырылды. «Мерейлі отбасы» байқауы отбасы құндылықтары мен неке институтының мәртебесін көтеруді мақсат еткен тұңғыш ұлттық байқау болып табылады. Байқауға еліміздің спорт, ғылым, ұстаздық пен өзге де еңбек салаларында айтарлықтай жетістікке жеткен отбасылар қатысуда.

Индира Қауметова


Back to the list