• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Петропавлдағы мүгедек  балаларға арналған  интернаттың  ауласына бірнеше  тренажер орнатылады 10.09.2014

«Өңiр басшысы ерiк Сұлтанов аралаған Петропавлдағы тiрек-қимыл аппараты зақымданған балаларға арналған интернат-үйiнде 20 бала тәрбиеленедi. Интернат тәрбиеленушiлерiнң ең кiшiсi 6 жаста болса, ең үлкенi 16 жаста. Балаларға инклюзивтi бiлiм алу үшiн барлық жағдай жасалған. Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов интернаттың жұмысымен танысып, жабдықталу деңгейiмен танысты», - делінген хабарламада.

Ерiк Сұлтанов сонымен қатар, Петропавл қаласының жүйке жүйесi зақымданғандарға арналған интернат-үйiнде болды. Бұл мекеме 310 адамға шақталған.

Қазiргi кезде интернатта күндiзгi бөлiм, кiтапхана, спорт залы, тiгiн шеберханасы жұмыс iстейдi. Мекеме емделушiлерiнiң шығармашылықпен айналысуына толыққанды жағдай жасалған.

 


Back to the list