09.09.2014
8 қыркүйектен бастап «Отбасын қолдау апталығы» науқаны аясында «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында «Дағдарыс орталық одағы» ЗТБ-мен бірлесе отырып Қазақстанда отбасы мәселесі бойынша тегін заңгерлік және психологиялық кеңес беру ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, 14 қыркүйекте «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты республикалық ата-аналар конференциясы өтеді. Шараны ұйымдастыруға мұрындық болған Отбасылық тәрбие институты. Ол ҚР БҒМ мен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен республиканың барлық өңірінде өткізіледі.
«Отбасына не қымбат болуы мүмкін» акциясы да ұйымдастырылады. Оның аясында отбасы институтын нығайтуға бағытталған Отбасы тәрбиесі институтымен бірлесіп партияның қоғамдық қабылдауында отбасылық психологтарды тегін қабылдау ұйымдастырылады.