08.09.2014
Жұмыс күнінің алғашқы бөлігінде Персоналды басқару жөніндегі, Стратегиялық жоспарлау және ұйымдық даму, Тәуекелдерді басқару жөніндегі департаменттердің, Теміржолшылардың кәсіпкерлер одағының және Өндірістік-техникалық орталықтың өкілдері жаңадан қабылданған әріптестерін Компанияның Іскери әдеп кодексімен, «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның құрылымы мен 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарымен, Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің принциптерімен, Компаниядағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерімен, Теміржолшылардың кәсіподақ ұйымының еңбек қатынастарындағы ролімен таныстырды.
«Сондай-ақ, бейімдеу шарасына қатысушыларға Компания қызметі, Орталық аппаратының құрылымы, әлеуметтік пакет, баспанамен қамтамасыз ету, жастар саясаты, қызметкерлерді оқыту туралы толық жазылған арнайы ақпараттық анықтамалық таратылып берілді», - делінген хабарламада.
Бұдан кейін жас қызметкерлер «ҚТЖ»ҰК»АҚ-ның бас ғимаратында орналасқан кітапхана, қысқы бақ, спортзал, бассейнді аралап көріп, музейде қазақстандық темір жол тарихымен танысты.