08.09.2014
Шараға 25 елдің 300 спортшысы келген. Соның ішінде ең көп спортшы Қытайдан келген, олардың саны 64. Одан кейін Ресейден 40 спортшы, Чех Республикасынан 37 қатысушы келген. Қазақстан намысын 30 спортшы қорғаса, Жапония спортшыларының саны 25.
«Ақмола облысы аумағында халықаралық жарыс өткізу біз үшін үлкен мақтанышпен қатар мол жауапкершілік жүктерлік шара», - дейді облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов спортшыларға сәттілік тілей отырып.
Сонымен қатар, ARDF вице-президенті Оле Карпестад спортшыларды жарыстың басталуымен құттықтады.