• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
З.Оразалиева: Қазақстанда балалар үйінің 1500 шақты түлегі жасөспірімдер үйінде өмір сүреді 04.09.2014

«Түлектердің өз бетінше өмір сүруіне дайындығы мен әлеуметтік бейімделуі мақсатында қоғамда жасөспірімдер үйінің ашылғаны белгілі, қазіргі таңда олардың саны 35 болса, ондағы тәрбие алып жатқан жасөспірімдер саны 1500 адамды құрайды. Соның ішінде мыңы 18 жастан асқан түлектер», - дейді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мемлекет оларды тек қана тегін баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар кәсіби дайындығын қамтамасыз етеді.  

«Жалпы, жасөспірімдер үйіндегі түлектердің тегін өмір сүруіне мүмкіндік беріліп, мемлекет олардың тегін кәсіби қабілеттер игеріп шығуына да жағдай жасайды. Жасөспірімдер үйінде өмір сүру кезінде түлектер өз беттерінше күндерін көріп, өз өмірлерін жоспарлап, қоғамға еркін кірігіп кете алады», - дейді комитет төрайымы.

Индира Қауметова


Back to the list