04.09.2014
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Айжан Садықова атап өткендей, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында оқытылатын 6 мүмкіндігі шектеулі жан таңдалып алынды, олар медициналық техниканы жөндеуге үйретілетін болады.
«Оқудың ерекшелігі олар арнайы курсқа бармас бұрын жұмыс берушімен алдын ала келісімге отырады. Демек үміткер курс аяқталғаннан соң қайда баратынын алдын-ала білетін болады», - деп атап өтті ол.
Белгілі болғандай мұндай мамандарға сұраныс жоғары және осы принцип бойынша жұмыс істеуге жұмысберушілер әзір.