04.09.2014
«Балалар үйіндегі бір баланың қажетін толық қамтамасыз ету үшін жылына 1,5 млн теңгеге жуық, бiр айда 118 мың және күнiне 4 мың теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Бұл нақты сандар. Дегенмен, бұл сандар өңiрлерге байланысты өзгерiп отырады. Бiз сiздерге Астана қаласы бойынша көрсеткiштердi айтып отырмыз», - дейдi М.Әбдiкәрiм.
Айта кетейік Қазақстанда бүгiнгi күнi жетiм және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 33 680 бала бар.
Оның iшiнде Қазақстан азаматтары 21 мыңнан аса баланы өз қорғаншылығына және қамқорлығына алған, ал 1947 бала патронаттық тәрбиеде.
Сондай-ақ, ол балаларды қайтарып беру жағдайына да тоқталып өтті.
«Балаларды қайтарып беру болып тұратын үрдіс. Балалар үйіне 10-15 бала жылына қайтарылып беріледі. Ол ата-атаналардың ауруға шалдығуы және асырап алушылардың бейімделу уақытының ауыр өтуі кезінде болады. Өткен жылы 10 бала қайта жетімдер үйіне қайтарылды. Балаларда кінә жоқ, көп жағдай ата-аналардың себебінен болып жатады. 2009-2010 жылдарда материалдық бейімделу болмаған кезде, балаларды қайтарып беру жағдайы аз тіркелді», - деді ол.
Индира Кауметова