04.09.2014
Жаңа пәтер иелерінің қуанышына ортақтасып, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Қарағанды жол бөлімінің бөлімше директоры Ербол Дүйсенбаев пен Жезқазған қаласы әкімі орынбасары Бейбіт Аханов құттықтау айтты.
Әкімдіктің хабарлауынша, ауылдағы салынып жатқан 40 жер үйдің 10-ы қазір пайдаланылуға дайын тұр. Әр үй екі қожайынға есептелген. Оның әрқайсысында төрт бөлмеден. Екі басты үй жергілікті жылытумен қамтамасыз етілген.
«Бірте-бірте жаңа тұрғын үй кешенінде құрылыс аяқталып, нәтижесінде теміржолшылардың 80 отбасы баспаналы болады. Бір жыл бұрын жапан түз болған бұл жерде енді жаңа ауыл бой көтерді», - делінген хабарламада.