• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда жасөспірімдер арасында  қылмыс жасау көрсеткіші азайды – әлеуметтік зерттеу 03.09.2014

«Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрайды, ал жұмыссыз жастар көрсеткіші 8,6% көлемінде. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс жасау көрсеткіші де азаюда», - дейді Ж.Бұқанова.

Жалпы, жасөспірімдер өздерінің өмір сүру деңгейі мен материалдық жағдайларына қанағаттанады. Әлеуметтік зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Қазақстандағы жасөспірімдердің 84,5%-ының өз өмірлеріне көңілдері толады.

Сонымен қатар, ҒЗО директорының айтуынша, әлеуметтік зерттеу қорытындысы жасөспірімдердің 90 пайыздан астаманың денсаулығының жақсы екенін көрсеткен. 

«Тек жасөспірімдердің 3 пайызы ғана өздерінің денсаулықтарының жоқ екенін айтады. Ал жасөспірімдердің көпшілігі қиындықтарды шешуде ата-аналарына сүйенетінін айтады. Тек Алматы қаласы респонденттері ғана өздерінің күшіне сенетін көрінеді», - дейді.

Камила Амирова


Back to the list