03.09.2014
Форум жұмысына ҚР Парламенті халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері, БҰҰ өкілдері, Қазақстандағы Тәжікстан және Ресей Елшіліктері, Қазақстанның бірқатар мемлекеттік органдары, тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдардың ардагерлері, қоғамдық ұйымдар мен еліміздің танымал қоғам қайраткерлері қатысады.
Іс-шара барысында жастар арасында жүргізілетін әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру жолындағы Қазақстан ардагерлік қозғалысын дамыту мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар тәжік-ауған шекарасындағы, Таулы Қарабахтағы шиеленістерге қатысушы-ардагерлер және Иракта бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау «Қазбат» бітімгерлік батальонының құрамында болған әскери қызметкерлердің заңнамалық статусын анықтау мәселелері талқыланады.
Қазақстан Республикасы әскери бөлімшелерінің Тәжікстан шекараларын қорғаудағы ТМД Ұжымдық бітімгерлік күштерімен бірлесе жүргізген әрекеттері Орталық Азия аймағындағы жағдайды тұрақтандыруда маңызды қадам болды. Жалпы, 1992 және 2001 жылдар аралығында Тәжікстан Республикасындағы әскери қимылдарда жауынгерлік қызметті 8,5 мыңнан астам қазақстандық өтті.