02.09.2014
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2014 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 5,9%-ға, 2013 жылғы тамызбен – 7,2%-ға өсті.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14,6%, жемістер мен көкөністерді – 16,4%, нан және жарма өнімдерін – 7%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2%-ды құрады.