• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мүгедектер құқығын қорғау мәселесі бойынша Заң жобасына 20-ға жуық  ұсыныс енгізілді 02.09.2014

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң жобасы Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласындағы ҚР Үкіметі жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінде талқыланды.

Шара барысында министрлікке қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге қатысты, дәлірек айтсақ қолжетімді орта қалыптастыру, бейімдеу ортасы сапасын арттыру, қоғамдық ұйымдарды қолдау және басқа да істер бойынша 40-тан астам ұсыныс түсіп, соның 20-сы қолдау тапты.

Заң жобасында «қолжетімді орта», «қоғамдық орын», «халықтың аз мобильді тобы», «судроаударма» секілді ұғымдар енгізілу ұсынылып, оңай түрде қызмет алу құқығын кеңейту, қылмыстық процеске қатысуда кез келген теңсіздіктердің алдын алу, қызмет көрсету, мүгедектерге берілетін тұрғын үй құралындағы жергілікті және орталық атқарушы органдардың құзіретін арттыру қарастырылған.

Айта кету керек, Заң жобасының Тұжырымдамасы 2013 жылдың наурыз айындағы ҚР Үкіметі жанындағы заң жобасы қызметі бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданған. Ал Заң жобасына өзгерістер енгізу биылғы жылдың қазанына белгіленген.

 

 


Back to the list