31.08.2014
Қазірдің өзінде түрлі компаниялардың орта деңгейдегі 87 маманы мемлекет есебінен шет елдің үздік кәсіпкерліктерінен барып тағылымдама өту мүмкіндігіп пайдаланып отыр. Бұл дегеніңіз машинақұрылысы саласы мен құрылыс материалдары саласында айлық тағылымдама мен мол тәжірибе жинау, деп хабарлайды ҚР ҰКП.
«Бұл мүмкіндік аталмыш екі салада жұмыс істейтін барлық кәсіпкерліктерге ұсынылып отыр. Сонымен қатар алдағы уақытта химия және агроөнеркәсіп салаларындағы кәсіпкерліктер үшін де осындай тағылымдама ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бастысы, біз қазір кімнің қандай салада қай жерден тағылымдама өткісі келетіні туралы өтініштерді қабылдап жатырмыз. Кейін ҚР ҰКП Халықаралық бағдарламалар орталығымен бірігіп кәсіпкерлікке керекті бағдарламаны дайындайтын болады. Біздің мақсатымыз – Қазақстаннан барныша мол мамандарды жіберу», - дейді ҚР ҰКП Адам капиталын дамыту департаментінің директоры Асқар Әубәкіров.
Бүгінгі таңда 87 маман шет ел асып біліктіліктерін жетілдіруге аттанды. GIZ (Халықаралық ынтымақтастық бойынша неміс қауымдастығы) секілді шет елдік әріптестер шет елдік кәсіпкерліктерге бару бағдарламасын дайындауда. Аталмыш бағдарлама биылғы жылдың қыркүйек айына дейін дайын болып, www.palata.kz сайтында жарияланады.
Оның айтуынша, аталмыш бастамаға қызығушылық танытқан кез келген адам өңірлердегі ҚР ҰКП облыстық кәсіпкерлер палатасына барып кеңес ала алады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмыс берушілер мен қызметкерлерден осынау теңдессіз мүмкіндікті қолдан шығарып алмауды ұсынады.
Құжаттар 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 31 қазанына дейін қабылданады.