29.08.2014
Қаланың негізгі көші-қон алмасуы өңіраралық көші-қон есебінен қалыптасқан: 2014 жылдың қаңтар-маусымында келгендер 17024 адамды, кеткендер – 6572 адамды құрайды.
Елорданың көші-қон өсімінде келгендердің үлес салмағы Ақмола – 21,3%, Оңтүстік Қазақстан – 13,7%, Қарағанды – 10,1% , Алматы қ. – 8,6%, Шығыс Қазақстан – 8% және басқа облыстардан 38,3% құрады.
Көші-қонның жағымды айырымы, негізінен ішкі көші-қон есебінен (+10887 адам) қалыптасты. Сыртқы көші-қон бойынша жағымды айырым (+435 адам) байқалады.
2014 жылғы қаңтар-маусымда 2013 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда Астана қаласына келгендер саны 65,6%-ға көбейіп, кеткендер саны 48,9%-ға артты.
Астана қаласының мына ТМД елдерімен көші-қон айырымы оң мәнді: Өзбекстан (+233 адам), Қырғызстан Республикасы (+40 адам), Ресей Федерациясы (+28 адам), Әзербайжан (+7 адам), Түрікменстан (+6 адам), Украина (+5 адам) және Тәжікстан (+3 адам).
Басқа елдермен оң мәнді көші-қон айырымы, негізінен, Қытай (+136 адам), Монғолия (+30 адам), Түркия (+10 адам) қалыптасты.