29.08.2014
ҰКП хабарлауынша, жүйе күні-түні жұмыс істейді және кісінің өз бетінше телефонмен қоңырау шалуына және көмек сұрайтын мүмкіндігінің болмағанында таптырмас қызмет түрі болып табылады.
«Дабыл түймешесі» білезікте орнатылған. Адам әлгі түймені басқанда модем секілді терминал жобаның көмек көрсету қызметіне автоматты түрде қоңырау шалады», - дейді жоба авторы Эрнар Нұрбеков.
Операторлар тәулік бойы тұтынушылардан келіп түсетін барлық сигналдарды қабылдайды. Сигнал келген кезде Көмек көрсету орталығы операторының құрылғысы автоматты түрде дабыл қағып, аталмыш дабылға себеп болған кісі туралы толық төлқұжаттық мәліметтері мен оның денсаулығына қатысты барлық ақпар компьютер бетіне шығады. Сонымен қатар, оның сол кездегі тұрған жері, туған-туыстары,көршілері туралы да мәліметтері көрсетіледі.
Қазіргі таңда бұл жүйеге Алматы мен Астана қаласындағы 150 Ұлы Отан соғысы ардагерлері қосылған.
«ОҚО Кәсіпкерлер палатасы осы жобаны Оңтүстік Қазақстан облысында да іске қосуға мүдделі», - дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасы сарапшысы Санжар Әшірбаев.