23.08.2014
Қала әкімдігінде хабарлағандай, шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, опера әншісінің туған-туыстары, өнерін бағалаған достары және мәдениет саласының зиялы қауым өкілдері қатысты.
Шаһар басшысы Ермек Серкебаевтың еліміздің ән өнеріне қосқан айрықша үлесіне тоқталып, опера әншісінің ел есінде мәңгі сақталатынын атап өтті.
«Ермек Бекмұхамедұлы – ұлағатты ұстаз, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның профессоры ретінде көптеген шәкірт тәрбиелеп, өзіндік ән мектебін қалыптастырды. Өмірге бірнеше ғасырда бір келетін ұлы әншінің есімі қазақ мәдениетінің тарихында алтын әріппен жазылып, ерекше ою-өрнекпен көмкеріледі. Қайталанбас, біртуар талант иесі қазақ халқының жадында мәңгі қалатыны анық», - деді Ахметжан Есімов.
Ермек Серкебаев «Отан», 2 рет «Ленин», «Октябрь Революциясы» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және тағы басқа көптеген наградалармен марапатталды. КСРО (СССР) және Қазақстанның Жоғарғы Кеңестеріне бірнеше мәрте депутат болып сайланды.
Мемориалды тақта Бөгенбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында, Ермек Серкебаев тұрған үйдің қабырғасына орнатылды.