22.08.2014
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының хабарлауынша, оқушылар қылмыстық іс бойынша сот процестерінің біріне қатысты.
Кездесу барысында балалар үшін сот ғимаратында кеңейтілген экскурсия өтті, онда оқушылар сот жұмысымен, сот қарғауының негіздерімен және жаза түрлерімен, республикамызда сот төрелігін жүзеге асырудың жүргізілу тәртібімен танысты.
Шара соңында оқушылар бұл кездесудің орны ерекше екендігін өздеріне пайдалы ақпарат алғандарын, соған сәйкес қорытынды жасағандарын атап өтті. Балалар өмірде үлкен мақсат қойып, оған міндетті түрде табанды еңбекпен жету, ең бастысы, еліміздің заңдарын құрметтеу керек деген пікірлерін жеткізді.