21.08.2014
«2014 жылдың I жартыжылдығында 25 431 қылмыстық iс сот өндiрiсiнде болды. Олардың 90%-ының өндiрiсi аяқталды. Аудандық соттар үкiмдерiнiң тұрақты түрдегi сапасына келсек, көрсеткiштер тұрақты. Бас бостандығынан айыру үкiмi шығарылған тұлғалар саны 5313- тен 4861-ге дейiн қысқарды», – дедi сөз басында А.Қасымов.
Оның айтуынша, ауыр қылмыс жасаған 841 тұлғаның барлығы бас бостандығынан айрылған.
«Жазаға кесiлгендердiң арасында кәмелет жасына толмағандар үлесi 3%-дан астам. Бас бостандығынан айыру жазасының көрсеткiшi 20%-дан 13%-ға дейiн азайды. Қамауға алынған кәмелет жасына толмағандар негiзiнен ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар. Жазаға тартылған 12 жасөспiрiм адам өлтірсе, 17-сi денсаулыққа аса ауыр зиян келтiрген және ұрлық пен қарақшылық жасаған», – деп атап өтті ол.
Жалпы, кәмелет жасына толмаған 409 бала жазаға тартылған және есептiк кезеңде 1595 адам жазаға кесiлсе, оның 26%-сы ғана бас бостандығынан айрылған.