20.08.2014
Шараға Ақтөбе облысы мәслихатының хатшысы С.Қалдығұлова, оқушылардың ата-аналары, облыстық білім беру басқармасының өкілдері қатысты.
«Акцияның мақсаты қайырымдылық сипатта. Яғни, барша бүлдіршіннің орта білім алуына мүмкіндік жасау. Сонымен қатар, жаңа оқу жылы басталар тұста балаларды жан-жақты қолдау болып табылады. Биыл ол «Балаларға мейірім сыйла!» ұранымен өткізілуде. Осы орайда, біз, депутаттар, әрине, бейтарап қала алмай, шараға белсенді түрде ат салысудамыз», - дейді облыстық мәслихат хатшысы.
Оқушылар депутаттардың қолынан жаңа киім-кешек пен мектепке қажетті құралдар және ескерткіштер мен тәттілер алды.
Естеріңізге сала кетейік, Президенттің тапсырмасымен аталмыш акция еліміздің әр өңірінде осымен жетінші рет өткізілуде.