• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылорда облысының 10,5 мың тұрғыны ауыз сумен қамтылды 20.08.2014

Биыл «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 8 млрд. теңге қаражат бөлінді. 21 жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде.

Олардың 10-ы биыл аяқталады. Атап айтсақ, Қазалы (Байқожа елді мекені), Сырдария (Мәлібаев елді мекені), Шиелі (Жөлек, Алмалы, Тәжібаев елді мекендері) аудандарындағы және Қызылорда қаласындағы (Ақжарма, Абай, Айнакөл елді мекендері) жобалар бар.

Нәтижесінде  10,5 мың адам тұратын 8 елді мекен тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, облыс орталығын сумен жабдықтау және суды сыртқа шығару жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар басталды.

«Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемелері (ТЭН) әзірленуде. «Қызылорда су жүйесін» автоматты басқарылатын энергия үнемдегіш технологияға көшіру жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Осы жылдың наурызында Еуропалық қайта құру және даму банкімен қосымша қаржыландыру жөнінде келісімге қол қойылды (жобаның құны 15,5 млн. доллар). 


Back to the list