• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда халық саны жыл басынан бері 124 мың адамға артты - Смайылов 18.08.2014

"Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 17 млн. 284 мың адамды құрады, оның ішінде қала халқы - 55,1 %, ауыл халқы - 44,9% құрады. Жыл басынан бері халық саны 124 мың адамға немесе 0,7%-ға артты",- деп хабарлады дүйсенбідегі ОКҚ брифингінде Смайылов.

Сонымен, статистика мәліметіне сәйкес, соңғы 12 айда, яғни өткен жылдың 1 шілдесі мен ағымдағы жылдың 1 шілдесі аралығында халық саны 256 мың адамға немесе 1,5%-ға көбейді.

"Ал, алғашқы алты айда дүниеге келген сәбилер саны 193 адамды құрап, өткен жылдың алғашқы жарты жылдығымен салыстырғанда 2,5%-ға артық екені белгілі болды. Сонымен қатар, қаза болғандар саны 66 адамды көрсетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға төмен ",- деді ол.

Бұдан басқа, көз жұмған 1 жастағы сәбилер саны 2068 баланы көрсетіп, өткен жылмен салыстырғанда 7,2%-ға төмендегені байқалды.

Мадина Нұрбекова


Back to the list