15.08.2014
2014 жылдың 1 шілдеге еліміздегі халық саны 17 284,9 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 523,1 мың (55,1%), ауылдықтар – 7 761,8 мың адамды (44,9%) құрады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларын өңдеу нәтижесінде, 2014ж. қаңтар-маусымда туылғандар саны 193,3 (188,6) мың адамды құрап, 2013 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 4,7 мың адамға немесе 2,5% артты. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,55 (22,34) туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 66,9 (70,4) мың адамды құрап, 2013ж. қаңтар-маусымға қарағанда 3,5 мың адамға немесе 5% азайды. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,80 (8,34) қайтыс болғандарды құрады.
2014ж. қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2013ж. қаңтар-маусыммен салыстырғанда 8,2 мың адамға немесе 6,9% артып, 126,4 (118,2) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,75 (14,00) адамды құрады.