14.08.2014
Бұл - жақында өткен мәслихат сессиясындағы халық қалаулыларының шешімі. Оған жергілікті бюджет қазынасынан қаржысы да бөлініп қойған. Игі іс жаңа оқу жылынан бастап, қолданысқа енгізілгелі тұр. Оқушылардың даму ерекшелігіне байланысты 1 мен 4 сынып аралығында аптаның 5 күнінде бала 10 граммнан тамақтанатын болады. Балдың пайдасы оқушылардың оқу үлгеріміне оң әсерін, мидың жақсы жұмыс істеуіне, иммундық қабілетінің артуына септігін тигізеді.
Құрамында Натрий, Калий, Фосфор секілді элементтер кездесетін балдың 70 түрлі адам ағзасына қажетті зат бар. Орынды әрі мөлшерлі пайдаланса, денсаулықты нығайтудың ең бір керемет жолы осында жатыр.
Балалардың денсаулығын нығайтып, білім деңгейін жақсартуды қолға алып отырған депутаттардың шешімімен бұл бағытқа 40 млн теңге бөлініп отыр.
Мамандардың айтуынша, келер жылдары өзге де аудандардағы оқушылардың тамақтану рационына балды қосу мәселесі қарастырылып жатыр.