• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Сәбимен шаңырақтың сәні кірер» жобасы аясында 15-ші қыркүйекте social camp өтеді 13.08.2014

Қозғалыс мүшелері «Сәбимен шаңырақтың сәні кірер» жобасын жасақтады, ол әлеуметтік жетімдік тәуекелі басым балаларға қолдау көрсету жүйесін қайта қарайды және аталмыш мәселені шешу үшін заңнаманы өзгертуді  ұсынады.

«Жоба аясында  әлеуметтік-экономикалық зерттеу жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыс қаржыны балаларды интернаттық мекемелерде асырауға жұмсағаннан гөрі, әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға жұмсау мемлекет үшін тиімдірек екендігін көрсетеді. Зерттеу қорытындысы бойынша қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылады», - деп түсіндірді жоба үйлестірушісі.

Сонымен қатар, Ш. Байболова атап өткендей,  social camp өткізу шеңберінде еліміз бойынша қызықты жобалар жинауға мүмкіндік туады және тәжірибе алмасады.

««Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы «Сәбимен шаңырақтың сәні кірер» жобасы аясында 15 қыркүйекте Астанада social camp өткізеді. Ол «барша отбасына әлеуметтік инновациялар» деген тақырыппен өтеді. Social camp өткізу аясында Қазақстан бойынша қызықты жобаларды жинауға мүмкіндік туады және тәжірибе алмасады», - деді ол.

Индира Кауметова


Back to the list