13.08.2014
«Бірлікті нығайту бойынша біздің ірі жобаларымыздың бірі- «Біздің отбасымыз – біздің күш-қуатымыз». Жоба маусым айында басталды және тамызда аяқталады. Қазақстанның барлық аймағының 65 ірі алаңында балаларға, ересектерге арналған шаралар өтуде», - деді ол.
Сондай-ақ, Данат Жұмин жобаға 100 мыңнан астам балалар мен ересектер қатысқандығын атап өтті.
«Азаматтар өз аулаларының мәселесін шешуге үйренуде. Ағымдағы айдың аяғына дейін 780 шара өткізіледі. Жоба «Самұрық-Қазына» және білім беру мекемесінің қолдауымен жүзеге асты», - деді Д. Жұмин.
Сондай-ақ, оның айтуынша, жыл соңына дейін қозғалыс мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдармен меморандум орнатады.
Индира Кауметова