• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ел экономикасында шілдеде 8,7 млн адам жұмыспен қамтылды – Статагенттігі 12.08.2014

Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6,1 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 69,8%) құрады.

2014 жылғы II тоқсан бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 70,0%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 30,0% құрады.  

2014 жылғы шілдеде жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 463,4 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2014 жылғы шілде айының соңына 59,2 мың адам («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6%-ын құрады (2013 жылғы шілдеде – 0,6%).  

 


Back to the list