12.08.2014
Өтініштердің 70%-ы оң шешімін тапқан, қалғандары бақылауда.
Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне түскен өтініштерді талдау барысында өңірдегі негізгі проблемалық мәселелер баспанамен қамту, зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақылар төлеу - 29%, жұмыспен қамту мәселелері - 24%, коммуналдық қызметтерді көрсету, жолдың жағдайы, ауызсумен қамту -11%, мемлекет кепілдік берген қызметтерге қол жеткізу мен оның сапасы бойынша - 6%, мемлекеттік органдар мен қызметкерлердің әрекеті немесе әрекетсіздігіне шағымдар - 6 % екені анықталған.